Ақтау маңындағы әуе апаты: соңғы мәліметтерге шолу

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтау маңында болған әуе апатына қатысты 26 желтоқсандағы соңғы мәліметтер хронологиясын ұсынамыз. 

Ұшақ апатын зерттейтін комиссия сарапшыларды күтіп отыр 
Фото: ҚР ТЖМ

Таңертең белгілі болғандай, Ақтау маңында ұшағы апатқа ұшыраған Embraer компаниясы ресми мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. 

Embraer компаниясы Ақтау маңында ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін ресми мәлімдеме жасады
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Бүгін Қазақстанға Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының өкілдері келді. Осылайша деректерді ұсыну және азаматтық авиациядағы және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрды. 

Сондай-ақ, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің тәжірибелі психологтары, дәрігерлері мен құтқарушыларынан құралған топ Ақтауға аттанды.

Әзербайжан өкілдері ұшақ апатын тергеу үшін Қазақстанға аттанды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтау қаласының маңыңда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін, тиісті органдар дереу іске кірісіп, құтқару операция аясында қажет шаралар қабылданатынын айтты. Сондай-ақ, Сенат спикері ұшақ апатына қатысты әртүрлі алыпқашпа әңгімелерді тарату керек еместігін айтты

Мәулен Әшімбаев
Фото: ҚЗСИ

Бүгін таңертең Маңғыстау жұрты ұшақ апатынан зардап шеккен 9 Ресей азаматын Мәскеуге шығарып салды.

 Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Ұшақ апатынан қаза тапқан бір адамның аты-жөні анықталды. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30-дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациент Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр.

врачи, больница
Фото: Kazinform

Түске қарай еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі апат орнында ұшақтың конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Оқиға салдарын жоюға 306 адам, 101 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық есептоп жұмылдырылған. Жұмыстарға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадасының және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Әзербайжан ТЖМ қызметкерлері тартылды. 

Ұшақ апатынан зардап шеккендерге 22 жедел жәрдем көлігі келді
Фото: Видеодан алынған кадр

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадалары ұшақ апатқа ұшыраған жерде авариялық-құтқару жұмыстарын медициналық қамтамасыз етуді жалғастыруда. Апаттар медицинасы орталығының психологтары Ақтау қаласына келген туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы шеңберінде күн тәртібінен тыс Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апаты орнындағы Үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды. Отырыс соңында Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Олжас Бектенов Үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есебін тыңдады
Фото: ҚР Үкіметі

Түсте Денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен жандардың денсаулығын қатысты соңғы мәліметпен бөлісті. 

Одан бөлек, ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың бас сүйектері мен өкпелері жарақаттанғаны белгілі болды. Дәрігердің айтуынша, науқастардың арасында күйік шалғандар жоқ. 

Сондай-ақ, Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен туысын таппай жүр әзербайжандық азаматтың жағдайымен бөліскен едік. Сафар Набиев Ақтауға бүгін келген. Ол апатқа ұшыраған ұшақта болған жеңгесін іздейді. Айтуынша, туысы тірі қалғандардың да, қаза тапқандардың да арасында жоқ. 

әзербайжандық азамат
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

26 желтоқсан күні Әзербайжанда Ақтау қаласына жақын жерде 38 адамның өмірін қиған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауына байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Аза тұту күні
Фото: АЗЕРТАДЖ

Кешке қарай еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Әзербайжаннан келген делегация ұшақ апатынан аман қалған 14 адамды алып, екі бортпен еліне оралатынын хабарлады. 

Сонымен қатар, кешке Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтың қатысуымен Ақтау маңындағы әуе апатына қатысты БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында құзырлы органдар апат пен зардап шеккен жандарға қатысты соңғы мәліметтермен бөлісті. Алдымен ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтылды.

Қанат Бозымбаев
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Еліміздің Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының қалай болғанын айтып берді. 

Марат Қарабаев
Фото: Видеодан алынған кадр

Сондай-ақ, Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебіне қатысты түсінік берді. 

Одан бөлек, вице-премьер әуе апатынан зардап шеккен және қайтыс болған жандардың отбасыларына көмек көрсету мақсатында қор ашып, қаржы жинаудың қажет еместігін айтты.

Сонымен қатар, Ақтау маңындағы ұшақ құлаған жерден тағы бір қара жәшік табылғаны белгілі болды.

Ақтау маңындағы ұшақ құлаған жерден тағы бір қара жәшік табылды
Фото: Ашық дереккөзден

Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетіледі.

Брифинг барысында белгілі болғандай Ресей мен Әзербайжан ұшақ апатын зерттейтін криминалистикалық тергеуге жіберілмейді.

Еске сала кетсек, ұшақ апатын зерттейтін комиссия құрылды, олар шетелдік сарапшыларды күтіп отыр.

Ақтау, Құрық және Баутино порттарында ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу және оларға құрмет белгісі ретінде Каспий теңізіне аза тұту гүл шоқтары жіберілді.

Маңғыстау облысында ұшақ апатынан қаза тапқандар құрметіне Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Одан бөлек, баспасөз мәслихатында Ақтау маңындағы әуе апатынан тірі қалған қанша адам еліне оралғаны айтылды.

Айта кетсек, Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы Ақтау маңындағы әуе апатынан зардап шеккен және қаза тапқан жандардың отбасына өтемақы төлейді. 

Соңғы жаңалықтар