14:47, 29 Мамыр 2025 | GMT +5
Ақтау теңіз-сауда портының басшысы ұсталды
АҚТАУ. KAZINFORM — Кazinform агенттігі бұл мәліметті өзінің ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлайды.

Мәліметтерге сүйенсек, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының президенті қамауға алынған, тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатыр.
Әзірге порт басшысының қандай күдікке ілінгені белгісіз. Кazinform ҚР ҰҚК-ға ресми сұрау хатын жолдады.
Дереккөзге сүйенсек «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы қазір уақытша тергеу изоляторында.
Бұған дейін Маңғыстауда «Кезби» мұнай-сервис компаниясының директоры 10 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.