Ақтауда 11 елдің шебері қойдың жүнінен текемет басып шығарды

АҚТАУ. KAZINFORM — Олар туындыны «Ақтау -Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына арнап жасады. 

Ақтауда 11 елдің шебері қойдың жүнінен текемет басып шығарды
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан

Текемет — қойдың күзем жүнінен басылған киізге ою-өрнек салынған төсеніш. Ол тұрмысқа арналған бұйым ғана емес, түркі халықтарының болмысын, салт-дәстүрін көрсететін өнер туындысы. Оны шетелдік қолөнер шеберлері бірге жасап, бірлік пен бауырластықты танытты.

текемет
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан
текемет
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан

— Текеметтің әр өрнегі — жүректен шыққан мұра, әр иірімі — ұрпаққа арналған аманат. Біз алдымен қойдың күзем жүнін дайындап, киіз бастық. Содан соң оның бетіне ою-өрнегімізді қойдық. Текеметті қақ ортасына «Ақтау — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының логотипін орналастырдық. Біреуіміз бір жағынан өрнегін салсақ, енді біріміз логотиптің детальдарын толықтырдық. Қолдан жасаған туынды түркі халықтары бірлігінің нышаны іспеттес, — дейді Түрікменстан Республикасының дизайнері Айна Дурдылыиева.

текемет
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан
текемет
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан
текемет
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан

«Даламен үндес баба өнер» атты халықаралық фестивалге шет елдерден 15, Қазақстан бойынша 30 шебер қатысты. Олардың арасында түрікменстандық Айна Дурдылыиева, Қырғызстандық Асылжан Қамбарова, Өзбекстандық Наргиза Мусажанова, Моңғолиялық Сувд Банзрагч сияқты атақты дизайнерлер бар. Ал, қазақстаннан «Жадағай», «Масақова», «Нұршах», «Тәрбия» сән үйлерінің топтамалары көрсетілді. Салтанатты шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев қатысып, бұл шараның елдер арасындағы ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асып жатқанын айтты.

текемет
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан
текемет
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан

— Каспий теңізінің жағасында екі күн бойы ерекше мәдени кездесудің куәсі болдық. Дала рухын заманауи үлгімен ұштастырған бұл сән топтамалары тек киім немесе қолөнер бұйымы ғана емес, ортақ болмысымыздың, өткеніміз бен келешегіміздің символына айналды. ТҮРКСОЙ ұйымы ретінде біз ортақ мәдени мұрамызды дәріптеуді әрі осындай жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыра береміз. Әрине, мұндай игі шаралар тығыз ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асып жатыр. Алдағы уақытта да бірлескен жобаларды жүзеге асыра бермекпіз, — дейді ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев.

текемет
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан
текемет
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан
текемет
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан

Бұған дейін, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев Ақтауда 30 ға жуық ауқымды мәдени іс-шара өтетінін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар