Ақтауда бір топ баукеспелер ұсталды

АҚТАУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Ақтауда бір топ адам пәтерге ұрлыққа түскен. Олар 1990 жылғы жігіт пен оның 1996 жылғы құрбысы тұратын пәтерге баса көктеп кіріп, қарызын қайтаруды талап еткен. Жастарды ұрып-соққаннан кейін қылмыскерлер оларды «Опель Астра» автокөлігіне отырғызып, басқа пәтерге алып келген.
None
None

«Жәбірленушілерден «Самсунг Галакси-2», «Самсунг Дуос», «Нокия 6700» маркалы 3 ұялы телефон мен ноутбугын тартып алған. Материалдық залал 380 мың теңгені құрады. Жәбірленушілердің сөзіне қарағанда, оларды қорқыту мақсатында электрошок және пышақ қолданған», - деді Ақтау қаласы ҚІІД қызметкері Елжас Өнеров.

«Күдіктілер ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышқа тоғытылды. Тонау фактісі бойынша ҚР ҚК «а, в»-тармағы 178-бап 2-бөлімі (бір топ адамның алдын ала келісуі бойынша адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз күш қолданып,тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптама жүргізілуде», - деп ақпараттандырды Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Шолпан Юлдашева.

Соңғы жаңалықтар