15:54, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Ақтауда кәсіпкер өлтірілді
АҚТАУ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтауда жеке кәсіпкер өлтірілді.

1981 жылғы ер адамның мәйіті бүгін Ақтау қаласының 4 шағынауданында, «Парус» сауда орталығының маңында табылды.
«А. есімді азамат кеуде тұсына оқпен жарақаттанды. Полицейлер оқиғаға қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізуде, марқұмның кіммен байланыста болғаны анықталуда», - деді Маңғыстау облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова.