Ақтауда Каспий жағалауындағы бірнеше инвестжоба бітпеген күйі қалып қойды

каспий
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

АҚТАУ. KAZINFORM — Туристік нысандардың тұралап қалуына инфрақұрылымның дайын болмауы себеп. Жағалауда су, электр энергиясы, газ және жол мәселесі әлі күнге толық шешілмеген. Сондықтан жергілікті атқамінерлер теңіз жағасын дамытудың жұмыс жоспарын жасауға кіріскен.

 

каспий
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ақтау қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, жағалауды дамытуда шетелдік тәжірибе қолданылады.

каспий ақтау
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

— Жоспардың уақытында іске аспауына инфрақұрылымның дайын еместігі себеп болды. Сондықтан ең алдымен жедел түрде инфрақұрылым мәселесін шешуге жұмыстанып жатырмыз. Бұған дейін басталған жұмыстарды тағы да жандандырып, одан әрі күшейтіп, қаржысын ұлғайтып, үлкен жоспар құрып жатырмыз, — дейді Аббат Өрісбаев. 

Айта кетейік, Президент Үкіметке Маңғыстау облысының әкімдігімен бірге Каспий жағалауындағы туризм инфрақұрылымының сапасын арттыруды, Дубай мен Баку қалаларының тәжірибесін ескере отырып, Ақтау қаласының бас жоспарын қайта қарауды тапсырған болатын.

ақтау каспий
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Жылы жағажай» аумағындағы жобаларды жыл соңына дейін аяқтап, Кендірлі демалыс аймағын дамыту ісін жеделдету қажеттігін айтты.

Бұған дейін «Кендірлі» халықаралық курорты жобасының неге тоқтап тұрғанын жазған едік.  

каспий
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар