Ақтауда көпқабатты үйлердің шатырындағы апатты құрылыстар бұзылып жатыр

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларына орнатылған бетон плиталар алынып жатыр. Өйткені, кезінде ғимараттың сәні үшін салынған бірнеше тонналық бетон плиталар үгітіліп, төменге құлап, тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде. 

Ақтауда көпқабатты үйлердің шатырындағы апатты құрылыстар бұзылып жатыр
Фото: Ақтау қаласы әкімдігі

Осыған байланысты қаладағы 10 тұрғын үйдің шатырында орналасқан авариялық жағдайдағы бетон плиталар бұзылып, алынып жатыр.

— Қазіргі таңда жұмыстар 5-шағын аудандағы 1-үйде жасалып жатыр. Жоспарға сәйкес мердігер мекеме ескі бетон плиталарды демонтаждап, тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастырады. Алдағы уақытта осындай жұмыстар 7-22, 8-8, 27-5, 26-38, 1-35, 9-30, 4-5, 14-47 және 12-53 мекенжайларында жалғасады, — деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтауда көпқабатты үйлердің шатырындағы апатты құрылыстар бұзылып жатыр
Фото: Ақтау қаласы әкімдігі

Айта кетейік, бұл мәселе тұрғындарды көп жылдан бері мазалап келеді. Олар қала әкімдігіне бірнеше рет шағымданған болатын.

— Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан жұмыстар сапалы әрі жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылып, тиісті шаралар қолға алынған. Тұрғындарға уақытылы хабарландыру беріліп, жұмыстардың барысы тұрақты түрде түсіндіріліп тұрады. Мәселенің оң шешім табуына қолдау көрсетіп, оның түбегейлі шешілуіне атсалысқан қала әкіміне ризашылығымызды білдіреміз, — дейді қала тұрғыны Кирилл Осин.

Ақтауда көпқабатты үйлердің шатырындағы апатты құрылыстар бұзылып жатыр
Фото: Ақтау қаласы әкімдігі

Бұған дейін, Ақтауда теңіз жағалауында заңсыз құрылыс анықталды.