Ақтауда оқушыларды есірткілік заттарды қолданудан сақтандыру шарасы өткізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаулық мектеп оқушылары арасында есірткілік заттарды қолданудан сақтандыру шаралары ұйымдастырылуда. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
None
None

Аталмыш бағыттағы шара жоғарғы сынып оқушыларымен кезекті кездесу Ақтау қаласындағы №4 гимназия-мектебінде өтті. Жиынға қатысқан мамандар Ақтау қалалық ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Будайчиев Камиль Абдуллаұлы, Ақтау қаласы ІІБ ӘПБ инспекторы полиция капитаны Н.Б.Мальцева, облыстық наркологиялық диспансердің нарколог-дәрігері Джумагалиева Айшагүл Халмұрадқызы және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының дұрыс тамақтану бойынша маманы Аяпова Бағдат Амантайқызы жасөспірімдерге есірткілік заттарды қолданудың, шылым шегу, алкоголь өнімдерін пайдаланудың зияны туралы кеңінен әңгімеледі.

Ақтау қалалық ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Будайчиев Камиль Абдуллаұлы:

- Аталған мәселеге қатысты ұйымдастырылып отырған айлық қаладағы оқу орындарының студенттері мен жоғары сынып оқушыларын есірткінің зиянынан сақтандыру шарасы ретінде ҚР ІІМ-нің нұсқауымен, 2012-2016 жылдарға арналған нашақорлық және есірткімен күрестің өңірлік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл шаралардың басты мақсаты - жастарды есірткілік заттарды, темекі мен алкогольдік ішімдіктерді қолдануға қатысты зиянды әрекеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. Жасөспірімдерге синтетикалық есірткі түрлері - спайстардың зиянды әсері жайлы әңгімелей отырып, оларды пайдаланудың тек денсаулыққа кері әсері ғана емес, сонымен қатар заңға қайшы келетін жайлары туралы да айтып түсіндірудеміз.Мұндай шаралар Ақтаудың біраз мектептері мен ЖОО және колледждерінде алдағы айда да ұйымдастырылатын болады, - деді.

Кездесу соңында оқушыларға ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес комитетінің «Наркопост» журналы таратылып берілді

Соңғы жаңалықтар