Ақтауда сотталғандарға арналған жатақхана опырылып, екі адам мерт болды

Бүгін сағат 16.00-де (Нұр-сұлтан уақыты бойынша) Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірінің екі қабатты ғимаратының ішінара құлауы орын алды.
Қазіргі уақытта оқиға кезінде жатақхана ішінде 10 адам болғаны анықталды, олардың 9-ы қауіпсіз жерге шығарылды.
Нәтижесінде 2 адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Мекемеде ТЖД авариялық-құтқару бригадасы, полиция департаментінің, прокуратураның қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Арнайы техника тартылды. Тағы 1 сотталушыны іздеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде 8 (7172) 72-30-40 (Нұр-сұлтан), 8-776-677-80-77 нөмірлері бойынша сотталғандардың туыстары үшін тәулік бойы колл-орталық ұйымдастырылды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Оған ҚАЖ комитетінің басшылығы, ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары кірді. Комиссия мүшелері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға Ақтауға ұшып кетті.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметтік тексеру жүргізілуде.
Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.