Ақтауда студентке жалған дүрліктіргені үшін түрме жазасы кесілуі мүмкін

АҚТАУ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Ақтауда полицейлер бүгін «Болашақ» колледжіне мина салынғаны туралы хабарлаған күдіктіні ұстады.
None
None

«Болашақ» колледжіне салынған жарылғыш құрылғы туралы хабар таңертең сағат 08:45-те келіп түскен. Жедел қызметтер мыңға жуық адамды қауіпсіз жерге шығаруына тура келді. Алайда колледжден ешқандай бомба табылмады. Телефон арқылы хабар жеткізген лаңкес колледждің 1-курсында оқитын студенттердің бірі, 1997 жылы туған М. есімді азамат болып шықты. Ол бұл әрекетті оқытушыларды жек көргендіктен жасағанын түсіндірді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Шолпан Юлдашева.

Облыстық ішкі істер департаментінің полицейлері ҚР ҚК 242-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Студентке 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар