Ақтауда төрт шағын ауданда жылу ажыратылды

Ақтауда жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша төрт шағын ауданда жылу ажыратылды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. 

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Ақтауда 1 ш/а және 6 ш/а жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 2,4,5,6 шағын ауданның кейбір нысандарына жылудан уақытша шектеу қойылды», - делінген хабарламада.

Қазір арнайы бригада жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстары түстен кейін аяқталады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар