Ақтауда жалған нөмірмен жүрген жүргізушілер ұсталды

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Әкімшілік практика бөлімі жүргізген рейд барысында ұсталған жүргізушілерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабы, 4 тармағы бойынша хаттама толтырылып, көліктері айыптұраққа қойылды.
Осындай оқиғалар Жаңаөзен қаласында - 2, Бейнеу ауданында - 1, Мұнайлы ауданында - 2 факті тіркелді.
Атап айтсақ, Жаңаөзен қаласының тұрғыны «Ваз-21112» маркалы автокөлігіне R647MDM жалған мемлекеттік нөмір тағып алып, жол ережесін бұзған. Автокөлік арнайы айыптұраққа жабылды. Аталған R647MDM жалған мемлекеттік белгісі 2012 жылы Тіркеу емтихан бөлімінен есептен шығарылған және де құқық бұзушының атында 89 мың теңге көлемінде айыппұлы бар екені анықталды.
Тағы бір Жаңаөзен қаласының тұрғыны «Опель вектра» маркалы автокөлігіне R489CDM жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарған. Аталған R489CDM жалған мемлекеттік белгісі 2002 жылы тіркеуден шығарылған және де жүргізушінің атында 63,8 мың теңге көлемінде төленбеген айыппұлы бар екені анықталды.
Сондай-ақ, «Газель», «Даеwoo Nexia» маркалы автокөліктерінің иелері де осындай әрекеті үшін ұсталды.