19:13, 23 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Ақтауда жол бойында лезгин биін билегендер жауапқа тартылды
АҚТАУ. KAZINFORM – Оқиға 5 пен 6-шағын аудандар арасындағы жолда болған. Жүргізушілер көліктерін жолдың қақ ортасына қойып, өздері лезгин биін билеген.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерді бақылау кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Bentley», «Mercedes Benz» және «Porshe» автокөліктерінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған. Элиталық автокөлік жүргізушілері жолда билеп, кептеліс туғызғаны үшін, көліктері айып тұрағына қамалып, өздеріне айыппұл салынды.
Бұған дейін, Алматы облысында жол ережесін бұзған 167 мыңнан астам адам анықталғаны туралы жазған болатынбыз.
Ақтауда Орталық Азия елдері мен Ресей ұшақтары жөнделетінін жазған болатынбыз.