Ақтаулықтар ауызсуға қашан жариды – әкім жауабы
АСТАНА. KAZINFORM – Маңғыстау облысы әкімі ауызсу мәселесін кезең-кезеңмен шешу жолы қарастырылып жатыр.

- Өңірді ауыз сумен қамту мәселесі әлі де өзекті. Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін 2025 жылға дейін қуаты 140,5 мың текше метрді құрайтын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын 40 мың текше метрге дейін жеткізу жобасы мен Ақтау қаласында тәулігіне 7 000 текше метр су тұщытатын зауыттың 1-ші кезеңі аяқталуда, - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Әкімнің айтуынша, қалған 7 жоба келер жылы іске асады.
- Бұл жұмыс Мемлекет басшысының жіті бақылауында тұр, - деп еске салды өңір басшысы.
Еске сала кетейік, біздің агенттік ақтаулықтардың жылу мен суға жарымай отырғаны туралы бірнеше рет жазған еді.
Жергілікті билік тапшылық тек жаз айларында дегенімен күздің екінші айы болса да, әлі күнге дейін ауыз судың қысымы төмен, сусыз отырған тұрғындар бар.