Ақтөбе 2011 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында 20 жобаны жүзеге асырмақ
Бүгінде 15 жоба таңдалып бітті, деп атап көрсетті қала әкімі Архимед Мұхамбетов 4 ақпанда қала тұрғындарымен болған есептік кездесуде.
Әкімнің айтуынша, 2010 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында Ақтөбеде 14,5 миллиард теңге соманың 9 инвестициялық жобасы іске қосылған.
2011-2015 жылдары облыс орталығында 380 миллиард теңгеден астам соманың 70- шақты инвестициялық жобасын жүзеге асыру және 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
«Ал ағымдағы жылы біз 20-ға жуық индустриялық жобаны жүзеге асырмақпыз, бүгінде олардың 15 таңдалып алынды. Бұл мәселе бойынша облыстық кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Біз бұл жұмысты кәсіпкерлермен де жалғастырып отырмыз, алдағы 10 күннің ішінде кәсіпорындардың нақты тізімін облыстық әкімдікке тапсырмақпыз», деді А.Мұхамбетов өз сөзінде.