Ақтөбе әкімдігі 50 қолшатырды неге сатып алғанын айтты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе әкімдігі 50 қолшатыр сатып алды. Облыс әкімдігінің іс басқару басқармасы қолшатырды ішкі және халықаралық кездесулерде қолданатынын айтты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қолшатыр сатып алу жөніндегі хабарландыру 2021 жылдың маусым айында шыққан. Алғашқы бағасы 428 571, 60 теңге.
«Сатып алу қорытындысы бойынша және жеңілдікті ескере отырып «Мулбаева» ЖК және «TAMI» ЖК-мен 195 570 теңге көлемінде тауар жеткізуге шарт жасалды. Бұл сатып алу ресми делегацияның (ішкі және халықаралық) алдағы үш жылға кездесулерін ұйымдастыру перспективасы үшін қажет болды. Негізі үш жыл сайын сатып алынады. Шетелден келген делегацияның көмекшілері жаңбырлы, қарлы күні пайдалана алады. Екі түрі бар. Біріншісінің қолға ұстайтын жері ағаштан жасалған. Екі адамға арналғаны. Бұл қолшатырды делегация келгенде пайдаландық»,- деді Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқару басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Әуелбеков.


Соңғы жаңалықтар