Ақтөбе әкімдігі ғимаратына көлікпен кірген жүргізушіге сот шешімі шықты

  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әкімдік ғимаратына көлігімен кіріп кеткен ақтөбелік Бауыржан Анапин 10 күнге қамалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Ақтөбе әкімдігі ғимаратына көлікпен кірген жүргізушіге сот шешімі шықты

«Бауыржан Анапин Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айыпталып, он тәулікке қамауға алынды»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласының тұрғыны Бауыржан Анапин 12 мамыр күні әкімдік ғимаратына көлігімен кіріп кеткен болатын. Ол ажырасып, отбасылық қиындықтарға тап болған.