Ақтөбе әкімдігі қаланың ірі сауда орталықтарымен бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумға қол қойды

АҚТӨБЕ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе қаласының әкімдігі мен ірі сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды.
None
None

Қала басшысы Ерхан Омаров атап өткендей, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әкімдік ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстағы бағыттардың бірі - кең көлемді супермаркет желілері бар ірі компаниялармен ынтымақтастық орнату.

Келісімнің міндеті - қала халқын қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету. Ынтымақтастық екі бағыт бойынша жүзеге асырылады - бағаны ұстап тұру және баға ұсыныстары бойынша ақпаратпен алмасу.

Қол қойылған меморандумдар аясында ірі тауар желілері мен супермаркеттер тауардың кіріс бағасының 10 пайызымен шектеледі. Осылайша тауардың өз бағасы сақталады.

Қала әкімдігі өз кезегінде әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетеді, сонымен бірге, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін ішкі нарыққа, соның ішінде, Ақтөбенің желілік дүкендерінде саудаға шығарылуына септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар