19:49, 20 Наурыз 2013 | GMT +5
Ақтөбе әкімдігінде Наурыз мейрамы қарсаңында көпбалалы әйелдерді құттықтады
АҚТӨБЕ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін қалалық әкімдікте Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында 2013 жылдың 4 наурызындағы Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес үкіметтік наградалармен марапатталған көпбалалы әйелдерге құрмет көрсетілді.

Қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева әйелдерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, төрт көпбалалы анаға «Алтын алқа» және бес әйелге «Күміс алқа» марапаттарын салтанатты жағдайда тапсырды.