«Ақтөбе» ӘКК-нің экс-төрағасын қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен «Ақтөбе» ӘКК«АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Ермек Имантаевқа қатысты сотқа дейін тергеу жүргізіп жатыр. Ол қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды, өзінің үлестес адамдарына жер телімін төмен бағаға берді, сөйтіп мемлекетке 199,4 млн теңге шығын келтірді деген күдікке ілікті.
»Тергеу соты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға шешім қабылдады. Күдікке іліккен бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Кінәсі дәлелденсе басшылық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды«, - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті.
Еске салсақ, бұған дейін Ермек Имантаевқа қатысты іс қозғалып, шығын өндірілді. Қаржы Мұғалжар ауданындағы Құмжарған орта мектебінің құрылыс жұмысын аяқтауға жұмсалды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл»Ақтөбе«ӘКК» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Ермек Имантаеқа қатысты қозғалған екінші іс.