«Ақтөбе-Астрахань» тас жолында адам өліміне соқтырған көлік апатына қатысты тың мәліметтер анықталды (ФОТО)

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 12 қаңтарда Ақтөбе-Астрахань күре жолында адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік апатына қатысты жаңа мәліметтер анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, күре жолдың 71-ші шақырымында Қандыағаш қаласынан Ақтөбеге қарай келе жатқан «ВАЗ-2104» көлігінің 69 жастағы жүргізушісі метеорологиялық жағдайды ескермей, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, онда жекеменшік ұйымдардың бірінің иелігіндегі «ПАЗ» автобусымен соқтығысып қалған.

Соқтығысу салдарынан «ВАЗ-2104» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, көлік салонында отырған үш жолаушы түрлі жарақаттармен Қардыағаш орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Автобустың жолаушылары зардап шеккен жоқ. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жыл басынан бері облыс жолдарында салдарынан 9 адам қаза тауып, 30 адам түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттар алған бес көлік апаты болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram