16:00, 09 Ақпан 2024 | GMT +5
Ақтөбе әуежайының жұмысы қайта жанданды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе әуежайында ішкі және халықаралық рейстер қайта жанданды.

Ақтөбе халықаралық әуежайындағы ұшу-қону алаңы ашық. Қазіргі кезде ішкі және халықаралық рейстер қалпына келтірілді.
- Қазіргі уақытта рейстерді орындау жағдайы тұрақталды. Кешіктірілген рейстердің барлығы сағат 12:00-ден бастап орындала бастады. Бүгінге 13 жолаушы рейс жоспарланған. Оның ішіндеуі біреуі халықаралық, яғни, Дохаға бағыт алады, - деді «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің маманы Әлихан Камаладдин.
Айта кетейік, 7 ақпаннан бастап рейстер кейінгі шегеріледі бастады. Кеше де ұшу-қону алаңы жабық болды.