Ақтөбе әуежайы маңында пошта сәлемдемелерін жеткізу уақытын қысқартатын хаб салынады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе халықаралық әуежайында сәлемдемелерді сұрыптауға, жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін терминал хаб салынады. Құрылыс жұмысы биыл басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова екіжақты меморандумға қол қойды. Енді Ақтөбеде терминал хаб салынады.

«Хаб тек Ақтөбе облысын ғана емес, еліміздің барлық батыс өңірін де қамтитын болады. Осы жобаның арқасында пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарады. Біз өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. Әсел Жанасованың айтуынша, жаңа хаб әлемдік стандарттарға сәйкес салынады. Заманауи сұрыптау жабдықтарымен қамтылады.

«Бүгінде интернет арқылы сатып алу дамып келеді. Сонымен бірге жіберілетін сәлемдемелер саны да артты. Бұл – Қазақстан үшін де өзекті әлемдік тренд. Көрсетілетін қызметті жақсарту мақсатында біз Астана, Алматы және Ақтөбе әуежайларында терминал хабтар салуды жоспарлап отырмыз. Өңір басшысының қолдауының арқасында Ақтөбе облысы осы жобаны іске асыруға бірінші болып кірісті. Хаб ашылса, шетелден, мысалы, Америкадан, Германиядан және Қытайдан тауарларды жеткізу мерзімі 45 күннен 10 күнге дейін қысқарады», - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Сондай-ақ, «Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасы» кешенді жоспары іске асырылады. Ақтөбе облысындағы ауылдарда орналасқан пошта бекеттерінде жаңа қызмет көрсету орындарын ашылады. Ал стационарлық бөлімшелері жоқ ауылдарға зейнетақы, жәрдемақы және жалақы төлемдерін жеткізу қызметі қоса атқарылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар