Ақтөбе әуежайының ұшу-қону алаңына жөндеу жүргізіледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе әуежайындағы ұшу-қону алаңы әуе компаниясының ұшағын зақымдады. Енді жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі халықаралық әуежайдың ұшу-қону алаңында SCAT әуе компаниясының ұшағы бүлініп, кейін бейнематериал мен фото БАҚ-та кең талқыланды.

Осы оқиғадан соң «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиев түсініктеме берді.

«SCAT әуе компаниясының әуе кемелерінің DV722 рейсі, Ақтөбе-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі, сондай-ақ 25 ақпанда Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайынан Ақтөбе - Алматы бағытындағы DV712 рейсі ұшқан кезде ұшақтың зақымдалғаны туралы ақпарат шықты. Әрқайсысының себебі әртүрлі. Мәселен Нұр-Сұлтанға ұшатын DV722 рейсі туралы айтатын болсақ, онда оң қозғалтқышының желдеткіші бүлінген. Ал өзгесінде №3 негізгі доңғалақтың резеңкесіне зақым келген. Сол кезде ауа райынан жасанды ұшу-қону жолағында ақау пайда болды. Бүгінде жолақтар қалпына келтірілді», - деді Дастан Малиев.

Ақтөбе әуежайының басшылығы жасанды ұшу-қону жолағындағы кез келген ақауды шұғыл түрде жоюға уәде беріп отыр.

Ал жөндеу ауа райы қалыпты болған кезде жүргізіледі.

«Әуе айлақтағы тас тақталары ауыстырылады. Ол үшін біз барлық қажетті ресурсты табамыз. Биыл сапалы жоғары, арнайы сертивикаты бар құрылыс материалдарын сатып аламыз және жұмысты білікті мамандарға ғана тапсырамыз. Жоспар бойынша 300 тас тақтасы мен қоспа сатып аламыз. Өткен жылдармен салыстырғанда жасанды ұшу-қону жолағының жағдайы жақсарғанын атап өткім келеді», - деді деді Дастан Малиев.

Айта кетейік,былтыр Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен әуежайда ұзындығы 8 мың метр болатын аэродром жабындысы жөнделді.


Соңғы жаңалықтар