Ақтөбе аумағына құлаған тікұшақ экипажына ауылдық амбулаторияда көмек көрсетілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Айшуақ ауылы маңына құлаған тікұшақ экипажына ауыл дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы маңына МИ-8 тікұшағы құлағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз . Төтенше жағдай Айшуақ ауылынан 10 шақырым қашықтықта тіркелген. Негізі тікұшақта үш экипаж мүшесі және бір жолаушы болған.
null

«Тікұшақ ауылдан 10 шақырым қашықтыққа құлады. Экипаж тікұшақтағы ақауды байқап, қонбақ болды. Бірақ 5 метр қалған кезде төмен құлдилап, тікұшақ қирап қалған. Адамдардың бәрі аман. Бәрі Айшуақ ауылындағы амбулаторияда алғашқы ем қабылдады. Кейін Атырау облысынан санавиация келіп, алып кетті», - деді Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Бағдагүл Аязбаева.

Айта кетейік, «Евразия Эйр» компаниясына тиесілі тікұшақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ  тапсырысымен әуеге көтерілді. Газ құбырларын қадағалап, кейін қонбақ болған тікұшақтан ақау шыққан. 

Соңғы жаңалықтар