Ақтөбе басшылығы Асқар Маминнен газды факелдарда жағу мәселесін шешуді сұрады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин бірнеше өндіріс нысанын аралады. Ақтөбе әкімдігі Асқар Маминнен газды факелдарда жағу мәселесін бірлесе шешуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеге келген Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қазақстан мұнай жабдықтары зауытында болды. Жобаға қытайлық компания 5 миллиард теңгеден астам инвестиция салып, мұнай-газ жабдықтары мен құрылғылар шығарып жатыр. Зауыт қыркүйек айында толық іске қосылып, 80 адам тұрақты жұмысқа орналасады.
Үкімет басшысының орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапары кезінде «Ақтөбе рельс-арқалық» ЖШС зауытында да болды. Мұнда ұзындығы 100 метр рельстер шығарылып жатыр. Әлемдегі үш зауыттын бірі саналатын өндіріс орнында келер жылы жоғары жылдамдықты магистральдар үшін 120 метрлік ыстыққа бейім рельстер шығарылмақ. Өңір экономикасының даму динамикасын жеткізген жергілікті әкімдік шешімін таппай тұрған мәселелерге басымдық берді.
«ГазПроцессорКомпони» жобасы бізді алаңдатып отыр. Себебі, біз 2012 жылдан бері газды факелдарда жағу мерзімін ұзартып келе жатырмыз. Келер жылдан бастап газды жағу квотасын тоқтады. Егер жағу тоқтатылса 1 мың адам жұмыссыз қалып, газ өндіру 5 пайызға төмендейді. Осы жерде «Қазмұнайгаз», «ҚазТрансГаз» АҚ мен Энергетика министрлігін қолдауын күтеміз»,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.