Ақтөбе драма театрының есепшісі 1,9 млн. теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражаттарды ұрлауда айыпталуда

АҚТӨБЕ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтөбелік қаржы полицейлері Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының бас есепшісіне қатысты бюджеттік қаражаттарды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
None
None

Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2011 жылдың ақпан-шілде айларында театрдың бас есепшісі кәсіпорынның есептік шотынан 1,9 млн. теңге көлеміндегі мемлекеттік ақшаны алып, өзі иемденген.

Бүгінде қылмыстық іс айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар