«Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы тағайындалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Cанат Шалекенов «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

«Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы
Фото: fcaktobe_official

Бүгін «Ақтөбе» ФК директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуов ұжымға Санат Шалекеновты таныстырды. Ол бөтен адам емес. «Ақтөбе» ФК-ның түлегі, экс-футболшы. 

– Облыс басшылығына артылған сенім үшін алғыс білдіремін. «Ақтөбе» ФК менің бала кезден жаныма жақын, менің сүйікті командам болып қала бермек. Мақсатымыз айқын, яғни, мүмкін болған жүлденің бәрін жеңу. Алғашқысы әрине Суперкубок. Сондай-ақ Премьер-Лиганың чемпиондығы, Еуропа-Лигасының топтық кезеңіне шығу. Бірінші кезекте жанкүйерлеріміздің көңілінен шығатын ойын үлгісін көрсетуді басты назарға аламыз,- деді Санат Шалекенов тағайындау кезінде. 

Санат Шалекенов 2007 жылдан бастап «Ақтөбе-Жас» командасында ойнады. 2013-2014 жылдары аралығында негізгі құрамға шақырту алды. Сондай-ақ, мансабында «Ақжайық», «Тобыл», «Атырау», «Каспий» командаларының құрамындаойнады. «Қазақстан U-21» жастар құрамасына да шақырылды. Қорғаушы болып ойнаған Санат Шалекенов 2010 жылы «Тобыл» ФК сапында, 2013 жылы «Ақтөбе» ФК сапында футболдан Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды. 

Айта кетейік, бүгін Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына басшы қызметіне Асқар Жүсібалиев тағайындалды.

Сонымен бірге Сұлтан Аманчин енді Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарады

Соңғы жаңалықтар