Ақтөбе футболын қолдау шаралары жалғасады - Бердібек Сапарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе футболын қолдау шаралары жалғасады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
None
None

«Спортқа көңіл бөліп жатырмыз. Шынын айтқанда, бізде қазіргі кезде спорттық нысандар жетіспейді, әсіресе, балаларға арналған нысандар. Осы орайда бұл мәселені ерекше назарға алып отырмыз. Алдағы жылдан бастап демеушілердің, кәсіпкерлердің көмегімен қосымша спорттық нысандарды саламыз. Неғұрлым балаларымыз спортпен айналысса, соғұрлым қылмыс болмайды», - деді әкім.

Сонымен қатар Б. Сапарбаев облыстағы футболды қолдау тақырыбына тоқталды.

«Менің ойымша, футболды дамытқан кезде біріншіден өзіміздің жастарды тәрбиелеуіміз керек. Қазір футбол командаларына қарайтын болсақ, оның құрамындағылардың көбісі легионерлер. Сондықтан біз команда басшылығына негізінен өзіміздің жергілікті футболшылар болуы керек деген талап қойып отырмыз. Әрине, легионерлер де болуы керек, бірақ олардың үлесі көп болмауы қажет. Кейбір баспасөзде Сапарбаев келгеннен кейін Ақтөбеде футбол жабылады деп жазылып жүр. Футбол жабылмайды. Бұл спорт түрін халық жақсы көреді, сондықтан ол дамиды және оны ары қарай қолдаймыз», - деді өңір әкімі.

Соңғы жаңалықтар