Ақтөбе халықаралық әуежайының жанынан 858 гектар жер арнайы экономикалық аймаққа беріледі
АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ақтөбе арнайы экономикалық аймағын құру туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Қаулының ережесінде «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының оңтүстігінде, «Оңтүстік айналма» тас жолының бойында, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежай жанында орналасатыны айтылған.
«АЭА аумағы Қазақстан Республикасының аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 858 гектар жерді құрайды», - делінген құжатта.
Арнайы экономикалық аймақтың алдына 2025 жылы өңірге 500 млн теңге инвестиция тарту туралы міндет қойылып отыр. Ал 2040 жылдан бастап 2049 жылға дейін жыл сайын 170,7 млрд теңге инвестиция тартып отыруы керек.
Осыған дейін еліміздегі әуежайларда арнайы экономикалық аймақ енгізілуі мүмкін екені туралы хабарладық.