Ақтөбе - Хромтау тасжолында жүк көлігі өртеніп кетті
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе-Хромтау» тасжолында жүк тиеген көлік өртеніп кетті. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін Астана уақытымен сағат 9:52-де «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласына жақын маңында «DAF» маркалы жүк көлігінің тіркемесінен өрт шықты. Көлік «Алматы-Мәскеу» бағытында келе жатқан. Өртті сөндіруге 7 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Өрт арада 40 минут өткенде өшіріліп, сағат 11:00-де толық сөндірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.