«Aktobe Invest-2017» форумы кезінде Ақтөбенің инвестицялық жобалары таныстырылды

  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде инвестициялық форум өтіп жатыр. Инвестициялық жобалар көрмесі кезінде жел генераторы зауытының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлемнің 20 елінен келген кәсіпкерлер мен инвесторларға Ақтөбедегі кен орындарының мол қоры таныстырылып, іскерлік байланыс орнады. Мәселен, қазіргі кезде жел генераторын өндіретін зауыттың жобасы нақтыланды. Зауыт Ақтөбе индустриялды аймағында бой көтереді. Жоба құны - 84 миллион еуро. Жаңа зауыт пен баламалы энергетика саласындағы білім орталығы жұмысқа кіріскен кезде барлығы 500 адам жұмыспен қамтылады.
null

«Жел генераторын шығаратын зауыты - Германиямен бірлесе атқаратын жоба. Таяуда «Самұрық Энергия» АҚ-мен меморандумға қол қойылды. Таяу күндері инвестициялық келісімшартқа қол қойылады. 2020 жылға дейін зауыт іске қосылады. Биыл индустриалдық аймақтан жер бөлініп, бекітілді. Зауыт іске қосылғанда жылына 150 жел генераторы шығарылады. Алдымен Қазақстанның ішкі нарығындағы сұраныс қамтылады. Кейін Әзербайжан, Иранға экспортталады. Мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер бар. Кедендік шектеулер алынды», - деді жел генераторын өндіретін зауыттың Ақтөбедегі өкілі Михаель Паульз. Мұндай зауыт Германияда, Испанияда бар. Құрал-жабдықтар да осы екі елден келеді. Зауыт құрылысы үшін индустриалдық аймақтан барлығы 80 гектар жер берілген. Биыл жер алу құжаттары рәсімделіп, келер жылы іргетасы қаланады. Инвесторлар қаржыны үш кезең бойынша бөледі.
null

Ақтөбеге бұған дейін жел генераторларын тасымалдап келген компания енді алыс ауыл мен бақташыларға арналған шағын вагон жасауды қолға алды. Күн сәулесінен, желден қуат алатын шағын вагон іші заманауи дизайнмен жасалады. Тіпті, биоәжетхана болуы мүмкін. Бұл вагондардың аумағы - 15 шаршы метр.

«ЭКСПО көрмесі кезінде Словакияның «ЭкоКапсула» компаниясымен келісімшарт жасалды. Біз жаңа технологияны пайдаланып, мал бағатын шаруашылықтарға арнап вагон жасаймыз. Қазір алғашқы тапсырыс түсті»,- деді «Базис Групп» ЖШС директоры Естай Сисенбаев.
null

Айта кетейік, индустриалдық көрме кезінде 2018-2020 жылдары іске асырылатын жобалар таныстырылды. Мәселен, «Көктас Ақтөбе» ЖШС құрылысқа қажетті цемент шығармақ. Жоба құны - 150 миллион доллар. Өнім Атырау, Батыс Қазақстанға жіберіледі. Ал «Темір СМ» ЖШС-і Түркияның «CVS Makina» компаниясымен бірлесе металл балқыту зауытын салады. Өнім Түркия мен Мысырға жөнелтіледі. Қазіргі кезде Ақтөбедегі индустриалдық аймақта 13 жоба бар. Оның екеуі іске қосылды. 7 жобаның құрылысы басталды. Өзгесі жер қазу жұмыстарын енді бастады.  

Соңғы жаңалықтар