Ақтөбе қаласында бес күн бойы ыстық су болмайды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Коммуналдық мекемелер гидравликалық сынақ өткізіп, жылу желілерінің қысқа дайындығын тексереді. 

су
Фото: Қызылорда әкімдігі

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ және «Aqtobe su-energy group» АҚ қысқа дайындықты аяқтап қалды. Сол себепті құбырлардың қазіргі жағдайы тағы бір тексеріледі.

- 10-15 қыркүйек күндері «Ақтөбе ЖЭО» АҚ гидравликалық сынақтар жүргізеді. «Aqtobe su-energy group» АҚ-ы 14-15 қыркүйек күндері магистральдық және ішкі аралық жылу желілеріне сынақты жалғастырады. Ыстық су 16 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен қайта қосылады, - деп хабарлады «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл Ақтөбеде тұрғындарға 19 187 тонна көмір қажет. Темір жол тұйықтарында 1 700 тонна көмір (41-разъезд – 1 680 тонна, Қандыағаш – 20 тонна) бар. Бағасы тоннасына 19 500 - 26 000 теңге арасында.