Ақтөбе қаласында «Экогаз» газ құю бекеті жарылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Оқиға таңда тіркелді. Алдымен газ құю бекеті жанып, кейін жойқын жарылыс болды. Қазір бұл бағыттағы жол жабық тұр.

Ақтөбе қаласында «Экогаз» газ құю бекеті жарылды
Фото: Алтынай Сағындықова

Ақтөбе қаласы Кірпішті тұрғын алабында болды.

Ақтөбе қаласында «Экогаз» газ құю бекеті жарылды
Фото: Алтынай Сағындықова

- Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өртті сөндіруге ТЖД, ЖҚЖ және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері мен 16 техникасы жұмылдырылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өскемендегі өндірістік ангар өртенді, зардап шеккендер бар.

Ақтөбе қаласында «Экогаз» газ құю бекеті жарылды
Фото: Алтынай Сағындықова
Ақтөбе қаласында «Экогаз» газ құю бекеті жарылды
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум