Ақтөбе қаласы әкімдігі жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуын қолға алды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түзеу мекемелерінде жұмыспен қамту» жобасы Ақтөбе облысында сәтті іске асырылып жатыр. Қылмыстық атқару жүйесі Ақтөбе облысы бойынша департаменті қалалық әкімдікпен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалымен бірлесіп, КА-168/2 түзеу мекемесінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін Ашық есік күнін өткізді.Бұл шараның мақсаты - сотталушылар үшін қосымша жұмыс орнын құру міндетін шешу.
None
None

«Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева шағын және орта бизнестің 11 басшысымен жұмыс кездесуін өткізіп, бас бостандығынан айыру орындарына өндіріс ашу мәселесін талқылаған болатын», - деді ҚАЖ Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі Нұргүл Жұмағұлова.

«Кездесу барысында жұмыс істеп тұрған темір бетон материалдары, металл бұйымдары (шарбақ, қақпа, қоқыс контейнері және т.б.), тігін бұйымдары (арнайы киім, төсек-орын және т.б.), сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерін шығаратын өндірістік цехта жазасын өтеушілер шығарған өнімдер таныстырылды», - деді Н.Жұмағұлова.

Соңғы жаңалықтар