Ақтөбе қаласында өткен астрономия пәні бойынша халықаралық олимпиадада Корея оқушылары үздік нәтижелер көрсетті
Облыстық планетарийдің бөлім меңгерушісі Бибігүл Мұстафинаның айтуынша, бір апта аралығында 6 мемлекеттен, атап айтқанда: Қазақстан, Қытай, Корея, Индонезия, Ресей және Қырғызстаннан келген 44 оқушы астрономиядағы білімдері бойынша сайысқа түсті. Теориялық айналымнан басқа оқушыларға өздерінің жұлдызды аспанды бақылау, астрономия бойынша тәжірибелік есептерді шешуде білімдерін көрсету керек болды.
Олимпиаданың 8 қатысушысы екінші орынды иеленсе, үшінші орынның медальдары мен дипломдарына 12 оқушы лайық деп танылды. Теориялық айналымда ең үздік нәтиже көрсеткен ақтөбелік Меруерт Бажановаға диплом табысталды.
«Мұндай деңгейдегі олимпиада бізде алғаш рет өткізіліп отыр. Әрине, біз үшін бұл баға жетпес тәжірибе болып табылады, - дейді Б.Мұстафина. - Ақтөбелік оқушылардың әлеуеті зор. Осындай жарыстарда жеңіске жету үшін бізге өте жақсы дайындық қажет».
Олимпиада барысында балалар «Байқоңыр» ғарыш алаңында болып, 50 жыл бұрын Юрий Гагарин ұшқан әйгілі «Восток» кемесінің №2 алаңын көрді.