Ақтөбе қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті
Оның жұмысына партияның облыстық және қалалық филиалдары саяси кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Бүгінде Ақтөбе облысы бойынша партияның 14 аумақтық филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін қоғамдық кеңестер белсенді жұмыс істейді. Олардың құрамында мемлекеттік органдардың өкілдері, ҮЕҰ, мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары бар.
Кеңестер сыбайлас жемқорлыққа жол беретін себептерді анықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлық деректеріне талдау жасайды және бағалау жүргізеді. Облыстық басқармалары мен ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен отырыстар, соның ішінде көшпелі мәжілістер үнемі өткізіліп отырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бұзылуының алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыс туралы есептер тыңдалады.