Ақтөбе қаласында тепловоз рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы Жаманқұлов көшесінде тепловоз рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Ақтөбе қаласында тепловоз рельстен шығып кетті

Мәлім болғандай, тепловоз машинисі оқиға орнында жоқ. Оқиға салдарынан аула ішінде тұрған көлік зақымданды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі, өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жүр. Газ құбыры зақымданып, 5  қабатты үйдің тұрғындары эвакуцияланды. Жапа шеккендер жоқ.
null

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Толық ақпарат кейінірек хабарланады.