Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 7 адам емделуін жалғастыруда

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының мәліметінше, 05.06.2016 - 14.06.2016 ж. аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 40 адам жеткізілді, оның ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 34 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (1 пациент 11.06.2016 ж. сағ. 13:50-де ЖМКА травмотологиялық пунктіне өзі жүгінді, оған амбулаторлық ем тағайындалды), 2 адам теміржол ауруханасына жіберілді.
Аталған уақыт аралығында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде 17 пациентті амбулаторлық емдеу бойынша ұсынымдар берілді.
Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 3 адам стационарда қайтыс болып, 13 пациент ауруханадан шығарылды (оның бірі Сырым Сүндетов 10 маусым күні сағ: 22:40-та санитарлық авиация көмегімен Нейрохирургия ұлттық орталығына (Астана қ.) жеткізіліп, ем қабылдауды әрі қарай жалғастыруда).
Астана уақытымен 15:30-дегі мәліметтерге сай Ақтөбе қаласының стационарларында 7 адам ем қабылдауда, олардың жағдайы орта деңгейдегі ауыр деп бағаланып отыр.