14:39, 19 Қараша 2011 | GMT +5
Ақтөбе қаласының полицейлері халықты заңсыз сақталған қаруларын тапсыруға шақырып отыр
АҚТӨБЕ. 19 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбе облысында оқ қаруы, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдары арқылы жасалған қылмыстың алдын алу және әшкерелеу мақсатында «Қару» атты жедел алдын алу операциясы басталды.
Қоғамдық тәртіп сақшылары халықтан өз еркімен заңсыз сақталған қаруды тапсыруларын сұрап отыр.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері Ішкі істер органдарында тіркелген оқ және газбен атылатын қарудың қожайындарын, оқпен ататын қару сақтайтын жүйелер нысанын, сонымен қатар қаруды, оқты жарылғыш заттар мен материалдарды сақтауға арналған қоймалар мен сатуға рұқсат берілген дүкендерді тексермек.
Тәртіп сақшылары сонымен қатар ақтөбеліктерден қару, оқ-дәрі және жарылғыш зарттарды заңсыз сақтап жүрген күдікті азаматтар туралы хабарлауды сұрайды.