«Ақтөбе» — «Легия» матчы қарсаңында полиция күшейтілген режимге көшті
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеге «Легия» командасының жанкүйерлері келді. Қазіргі кезде полиция күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе қаласына «Легия» командасымен бірге олардың бір топ жанкүйері келді. UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі кездесу алдында полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпек.
— Қазір полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау орғандары қоғамдық тәртіпті қадағалайды, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қазір жағдай тұрақты. Матч кезінде стадион мен оның жан-жағында полиция бақылау жүргізеді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе полициясы кеше жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Тіпті олардың жанында жүрді.
Еске салсақ, «Ақтөбе» футбол командасы бүгін UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен қарымта ойын өткізеді. Ойын қазақстандық уақытпен 21:00–де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.