Ақтөбе мектептеріндегі тәрбие жұмыстары тексеріледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде оқушылар арасында төбелес жиелеп, қазір тексеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде мектеп оқушылары төбелесіп, бір-біріне пышақ салу жиілеп кетті. Соған орай қалалық білім бөлімі барлық мектептердегі тәрбие жұмыстарын тексереді.

«Колледждердің 1, 2 курс студенттері мен орта мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында құқық тәртібі мәселесі бойынша сауалнама жүргізілетін болады. Сонымен қатар, білім беру ұйымының жарғысына ішкі тәртіп ережелері мен тыйым салынған заттарды әкелуге қатысты өзгертулер енгізу жұмыстары атқарылады. 10 қаңтар күні мектеп оқушылары мен 1-курс студенттері арасында төбелес болғаны белгілі. Ақтөбе қаласының білім бөлімі барлық мектептерде тәрбие жұмысының сапасын зерделейтін жұмыс тобын құрды», - деп хабарлады өңірдік коммуникациялар қызметі.

Айта кетейік, қазір мектептерде полиция қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары кездесу өткізіп жатыр. Сонымен қатар, оқушылардың сабақтан тыс уақытта спортпен, өнермен шұғылдануы, мәдени-спорттық шараларға қатыстыру бақылауға алынды. Түрлі рейдтер де күшейтілді.

Соңғы жаңалықтар