«Ақтөбе» мен «Ордабасы» тең түсті

«Ақтөбе» мен «Ордабасы» тең түсті
Фото: sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM -  Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында алғашқы ойын күнінде «Ақтөбе» мен «Ордабасы» кездесті.

Биыл ел біріншілігінде қос команда тәп-тәуір ойын өрнегін көрсетіп келеді. Ақтөбелік ұжым көш басында тұрса, шымкенттік команда алғашқы бестікті түйіндеп тұр.

Былтыр ел чемпионы атағын тұңғыш мәрте жеңіп алған «Ордабасы» биыл да сол жетістігін қайталағанды қалайды. Дегенмен соңғы бес ойында небәрі екі мәрте жеңіске жетіп, екеуінде тең түссе, біреуінде жеңіліп қалды. Ендігі кезекте олар үшін әрбір кездесуде жеңісті уыстан шығармау – басты мақсаттың бірі.

Бес мәрте ел чемпионы атағын жеңіп алған «Ақтөбе» жылма-жыл сол жетістігін қайталауға күш салып жүргені белгілі. Биыл да алдына сондай мақсат қойып отырған жағдайы бар.

Кездесу барысында жанкүйерлер екі команда тарапынан қызықты ойынды тамашалады. Футболшылар шабуылға шығуға күш салды. Оған екі команданың қорғаушылары лайықты тойтарыс беріп жатты.

Командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Дәл қазір «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) ойыны өтіп жатыр. Қызылордалық команда 1:0 есебімен алда.

Енді аталған турда 19 мамырда «Шахтер» мен «Тобыл», «Жетісу» мен «Қызылжар», «Елімай» мен «Қайрат» кездеседі.

Соңғы жаңалықтар
telegram