Ақтөбе мен Орынбор облыстарының өзара ынтымақтастығы артып келеді
Орынборда өткен халықаралық форумға Қазақстан, Белорусь, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегациясы қатысты. Кәсіпкерлер мен инвесторлар жаңа экномикалық бағыттар мен даму жолын талқылады. Форумға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен өңірдегі бизнес қауымдастығы өкілдері, облыстық басқарма басшылары қатысты. «Екі жыл бұрын біз жас кəсіпкерлердің 10 миллион рубль сыйақы үшін бизнес идеяларымен бəсекеге түсетін «Бизнес класс» бірегей жобасын бастаған болатынбыз. Өткен жылы ол Ақтөбе облысы əкімінің шешімімен өрісін кеңейтіп, халықаралық жобаға айналды», - деді Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг. Биыл байқауға қатысу үшін Ақтөбе мен Орынбор облыстарының мыңнан аса жас кəсіпкері тапсырыс берген.
«Алғаш рет Ресей мен Қазақстанда Орынбор мен Ақтөбе облыстарының бизнес қоғамдастықтарын біріктірген бірлескен жоба пайда болды. Мен мұны дұрыс деп санаймын, өйткені тек бірлескен жұмыстың нəтижесінде ғана нағыз қажетті жəне уақыт талаптарына жауап беретін жобалар туады»,- деді Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев.
Айта кетейік, «Бизнес класс» конкурсы кезінде екі ел кәсіпкерлерінің бірлескен жобасы ұсынылады. Бас жүлде - 10 млн рубль. Бұл жүлдені «Забор 56 Оренбург» компаниясы мен ақтөбелік «Ваниль» кондитер фабрикасы жеңіп алды.
«Біз - көршілес өңірлерміз, сондықтан əрқашан экономиканың түрлі салаларында тығыз жұмыс істеуіміз керек. Бүгінде бұл міндет жемісті жүргізіліп жатқанын атап өту қажет. Жыл сайын ресейліктердің қатысуымен кəсіпорындар мен заңды тұлғалар саны артып келеді. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында ресейлік капиталдың қатысуымен 534 заңды тұлға мен кəсіпорындар бар»,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері Ақтөбе облысының Орынбор облысымен ішкі тауар айналымы үш есе артты. Ірі компаниялар арасындағы байланыс нығайып, ШОБ, ауыл шаруашылығы, əлеуметтік саладағы серіктестік дамып келеді. Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасындағы тауар айналымды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жыл сайын Қазақстан мен Ресейдің 150-ге жуық кəсіпорындары қатысатын «Еуропа-Азия. Шексіз ынтымақтастық « атты халықаралық көрмесі өткізіледі. Биыл Ақтөбе облысының 100 дарынды баласы Орынбор облысының 1Күншуақ елі1 балалар лагерінде жазғы демалысын өткізді. Сондай ақ, Орынбор облысының 50 дарынды баласы Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, көліктік-логистикалық байланыстарды жетілдіру жолға қойылды. «Бизнесті жүргізу үшін жол жақсы болуы қажет. Бүгінгі күні екі облыстың кәсіпкерлері «Ақтөбе-Орск» жолының жай-күйіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Осы жолдың алғашқы 40 шақырымы біздің тарапымыздан жөнделді, 2019 жылы Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстары толық аяқталып, қолданысқа беріледі. Біз Президентіміздің тапсырмасына сай көлік қатынасын дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құрудамыз»,- деді Бердібек Сапарбаев.