Ақтөбе облысында 40 ауыл ішімдіктен бас тартты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Өңірде ішімдіктен бас тартқан ауыл саны былтыр 35 болған. Биыл тағы 5 ауыл тізімге енді.

Ақтөбе облысында 40 ауыл ішімдіктен бас тартты
Фото: polisia.kz

– Жүргізілген талдау кейінгі 5 жыл ішінде бұл ауылдарда қылмыс деңгейінің тұрақты түрде төмендегенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар бірқатар ауданда бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Атап айтқанда Алға, Хромтау және Қарғалы аудандарында алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан ауылдар саны әзірге аз, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Полиция Шалқар ауданының Шетырғыз ауылы 2020 жылы ішімдіктен бас тартқанын хабарлады. Бұл ауылда кейінгі 6 жылда қылмыс тіркелмеді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысында 24 ауыл, СҚО-да 35 ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум