Ақтөбе облысында бірнеше жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлады. 

Жол жабылды
Фото: Павлодар облысы ПД

2026 жылғы 20 ақпан сағат 04:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды:

— «РФ шекарасы (ө/п Жайсан) — Ақтөбе — Қызылорда — Шымкент — Алматы — ҚХР шекарасы (ө/п Нұр Жолы) 0–77 шақырым аралығы (Жайсан өткізу пунктінен Эко Ойл АЗС дейін).

— «Ақтөбе — РФ шекарасы (ө/п Алимбет) 39–136 шақырым аралығы, (Ш. Қалдаяқова ауылынан Алимбет өткізу пунктіне дейін).

Жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 12:00–де ашу жоспарланған.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум