Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорындағы көкөніс сатуға шығарылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Әлеуметтік базарларға алдымен картоп, сәбіз және пияз жеткізілді. Мұнда картоптың келісі 175 теңге, пияз 110 теңге, ал сәбіз бағасы 179 теңге болып тұр.

Өскеменнің көтерме базарында көкөніс бағасын негізсіз өсіру фактілері анықталды
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорына азық-түлік пен көкөніс сақтау үшін 5,2 млрд теңге бөлінді. Жергілікті және қазақстандық шаруалардан көкөніс пен әлеуметтік маңызға ие тауар сатып алынып жатыр. Бүгінде Ақтөбе қаласындағы «Табыс» әлеуметтік базарында тұрақтандыру қорынан бөлінген көкөніс сатуға шығарылды.

- Қаладағы әлеуметтік базарларға 10 тонна көкөніс жөнелтілді. Алғашқы партияға 7 тонна картоп, 2 тонна пияз және 1 тонна сәбіз кірді. Картоптың келісі 175 теңге, пияз 110 теңге, сәбіз 179 теңге. Бұл бағаны тұрақтандыруға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған жұмыс,- деп хабарлады «Ақтөбе» ӘКК» АҚ.

Еске салсақ, биыл Ақтөбе облысындағы қоймаға 8,6 мың тонна картоп, 2 мың тонна сәбіз және 1,4 мың тонна пияз сақталады. Сонымен бірге 14,7 млн дана тауық жұмыртқасы жеткізіледі.