Ақтөбе облысында мереке қарсаңында масаң күйдегі 4 жүргізуші ұсталды
Ақтөбе облысында жаңа жыл қарсаңында 169 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Kazinform.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстағы жедел жағдай тұрақты. Тәулігіне барлығы 268 хабарлама келіп түскен, 9 қылмыс және 14 ЖКО тіркелді, зардап шеккен жоқ.
«Облыс бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін 170-ге жуық қоғамдық тәртіп бұзушылықтары мен ЖҚЕ бұзушылықтары анықталды. Сонымен қатар алкогольдік масаң күйде 4 жүргізуші анықталды. Осы мереке күні облыс бойынша 500-ға жуық полиция қызметкері мен 60 әскери қызметші қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті», - делінген хабарламада.