15:01, 10 Ақпан 2026 | GMT +5
Ақтөбе облысында жол жабылды
АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 2026 жылғы 10 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 0-77 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жайсан өткізу пункінен ЭКО ойл жанармай стансасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 10 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін еліміздің үш облысында ауа райына байланысты жол жабылғанын жазған болатынбыз.