Ақтөбе облысындағы Қобда ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қобда
Фото: видеодан кадр/Райгүл Еншібай

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Қобда ауданында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Енді комиссия шығынды есептейді.

Ақтөбе облысы Қобда ауданында үйлерді су басты. Қазіргі кезде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.

«Қобда аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы кезектен тыс отырысын өткізді. Қобда ауданы аумағында 28 наурыздан бастап жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. Қобда өзені өз арнасынан шығып, Қобда ауылының батыс аймағында тұрғын үйлерге су кірді. Зардап шеккен азаматтарға тиісті көмек береді. Комиссия өз жұмысын істейді», - деді Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев. 

Айта кетейік, бүгін түске дейін Қобда ауданында 100-ден астам адам эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар